Ақша бұлттар – Айгүл Қадыр

Бұл бетте «Ақша бұлттар» атты Айгүл Қадыр жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сәуірдегі сыңар бұлт көпке елес,
Анау қырға ақ жауын төккен емес.
Тербемесе көңілдің иірімін,
Өкпелеуге болмайды көктемге еш.

Ақша бұлттар аспанда қалған сиреп,
Әкеткені-ай қиялды арман сүйреп!
Мамырда да ақ қарды аңсап тұрып,
Сағынышты кеудеме алғам түйреп.

Жалт еткенде жанарым баққа жарып,
Жая салам сырымды жатқа барып.
Сенің жарық сәулеңді айналам деп,
Қанатымды алмайын отқа қарып.
Айгүл Қадыр


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақша бұлттар өлеңінің авторы кім?

Айгүл Қадыр — осы өлеңнің авторы.

Ақша бұлттар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақша бұлттар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айгүл Қадыр өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақша бұлттар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар