Қазағым – Сатқан Молдақасұлы

Бұл бетте «Қазағым» атты Сатқан Молдақасұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ей, қазағым! Жан бауырым ,туғаным,
Сенің қамың бала жастан қуғаным.
Сен бақытты,сен өркенді ел болсаң,
Болмас еді басқа менің арманым.

Ей, қазағым! Кештің тағдыр күрделі,
Сендей болсын,болса бір ұлт зерделі.
Құрбан болып шалынар ем жолыңа,
Ел болсаң сен өз алдыңа іргелі.

Ей, қазағым! Сенің үшін жан құрбан,
Сенің зарың жүрегімде жаңғырған.
Ұлтым деген ұлын едім қашанғы,
Аман қылсың Аллам сені зар-мұңнан!


Пікірлер (1)

ZhaniK

Жүректен шыққан сөз екен! Керемет! Алла сізге разы болсын! Қазақ!- деп соққан жүрегіңіз қартаймасын!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазағым өлеңінің авторы кім?

Сатқан Молдақасұлы — осы өлеңнің авторы.

Қазағым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазағым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сатқан Молдақасұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазағым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері