Жаздың түні-ай – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Жаздың түні-ай» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3540
Айдың нұры барша әлемді сырлап бір,
Сол нұрменен сурет салды құмдақ қыр.
Қонып алып жүрегіме дәл қазір,
Бір бозторғай мігір таппай шырлап тұр.
Шілделіктер құлағыма үн ұрып,
Түнгі ауаны жұттым қанбай сіміріп.
Сері селеу құртқашашпен сырласса,
Аққан жұлдыз көздеріме шыны үгіп...
Шашылғандай дастарханға кіл тары —
Сансыз жұлдыз.
Құсжолы — ұнның ұнтағы.
Тау-шопан қыз шапақ-қырықтығымен
Ай мүйізді
Серке-бұлтты қырқады.
Құба талмен тілдескенде тұт ымдап,
Тамырымнан от жүгірді лыпылдап.
Сезімдерім,
Жарып қалсам кеудемді,
Жұлдыздардай тұрған шығар жыпырлап?!
Түнгі ғалам қанатындай тотының
Құбылғанда —
Күбірлеп жыр оқыдым.
Пәруана ғып тартуын-ай адамды,
Алыстағы қызды ауылдың отының...
Бояу жағып айтар болсақ аздап бір —
Нұрға өртеніп жатыр, міне, маздақ қыр.
Жүрек байғұс — бозторғайы шырлаған,
Көкірегімнен ұшып кете жаздап тұр...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаздың түні-ай өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Жаздың түні-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаздың түні-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаздың түні-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері