Таныстыру – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Таныстыру» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 1
  • 7269
Ерлігі аңызға - аян, ертекке — анық,
Өр халық — менің халқым — тентек халық.
Ұрынған пышағына дұшпаны көп,
Қысты, әні, құшағына да өртеп барып!
Отырар өзді-өзінің жолын бағып,
Керемет менің халқым — момын халық.
Қонағы қоймасына қол салса да,
Көрген жоқ көңілі үшін қолын қағып.
Жатса да бары көрер көзге үптеліп,
Дос-жарын шошытпайды ол — кездік беріп.
Ерлігін — "ардалық" деп,
Ақ көңілін
Білемін — жүргендер бар ездік көріп...
Шайқасқа мен де кейде бірден барам,
Қысылып кейде текке — тілден қалам.
Білгісі келген мені байқа,
Шырақ,
Сол екі қасиет те сіңген маған!..

1984 ж


Пікірлер (1)

Керемет

Кушты таныстыру кажет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таныстыру өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Таныстыру өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таныстыру өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таныстыру өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері