Сен тұрған үйдің тұрғыны – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Сен тұрған үйдің тұрғыны» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3443
Сен тұрған үйдің тұрғыны —
Көршіңе бәрін бересің.
Оның да бірақ бір күні
Оңбағандығын көресің.
Сергелдең өмір жолында
Сөзіне достың ересің.
Ойда жоқ жерде оның да
Опасыздығын көресің.
Бота көз бенен қой көзде
Бақытым бар деп жүресің.
Баяндай қыздың кей кезде
Баянсыздығын көресің.
Жанарыменен үміттің
Жақсылық қана тересің.
Өзімдей деген жігіттің
Өзімшілдігін көресің.
Ойланып біраз әріден
Әділдеу болсаң, төрешім,
Солардың тіпті бәрінен
Өзіңді кейде көресің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен тұрған үйдің тұрғыны өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Сен тұрған үйдің тұрғыны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен тұрған үйдің тұрғыны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен тұрған үйдің тұрғыны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері