Жер болмаса жеңгеге жазған аға – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Жер болмаса жеңгеге жазған аға» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2595
Жер болмаса жеңгеге жазған аға,
Жоқтамаса жалғызын боздап ана...
Құдіретті сөз болып дарысам ғой
Қыз алдында қысылған бозбалаға!
Жұқармасын жүйкенің талшығы өліп,
Жақсылықты мендегі алшы бөліп.
Тасыр шөлде талықсып кеткен жанның
Таңдайына тамсам ғой тамшы болып!
Қалғып тұрған гүлдердің ортасынан
Қызығамын араға бал тасыған.
Ақша таппай қысылған жомарттардың
Алтын болып шықсам ғой қалтасынан!
Шөпілдетіп шанақта күй шарабын,
Шерлі досқа шаттықтың құйшы арағын!
Үміт жібін қайтадан жалғасам ғой
Күдер үзген өмірден бейшараның!
Арман әсте тұрмайды ұя салмай,
Ағарады бірақ та мына самай:
Ойдағыға
Бойдағы күшің жетпей,
Көңіліңе
Өмірің ілесе алмай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жер болмаса жеңгеге жазған аға өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Жер болмаса жеңгеге жазған аға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жер болмаса жеңгеге жазған аға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жер болмаса жеңгеге жазған аға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері