Гүл - ғұмыр – Ұлпан Тажибаева

Бұл бетте «Гүл - ғұмыр» атты Ұлпан Тажибаева жазған өмір туралы өлең берілген.

Гүл – ғұмыр
Бар сұлулық гүлдерге кеп тұнғандай,
Жүректерді жаулап ғашық қылғандай.
Аруларды гүлге теңеп тербесе,
Ағылатын ән мен тәтті жыр қандай

Гүл сәндейді ханшалардың түймесін,
Екеуі де нәзік әсем бейне шын.
Егіз ұғым-дүниенің ғажабы,
Бір-бірінен тауып тұрған үйлесім.

Үлбіреген үр бейнелі ақ арман,
Сыр ұғасың қарақаттай жанардан.
Қыз-қызғалдақ, әрі,нәрі өмірдің,
Сұлулық пен сезім үшін жаралған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар