Өлең, жыр, ақындар

Абай атам даналықтың бастауы

«Абай жолы» романы ізімен жазылған...
Абай атам даналықтың бастауы

Үш күн бойы жол сапардан шаршаған,
Туған елін,ата – анасын аңсаған.
Бала келеді,жол үстінде аптығып,
Көкейінде сағыныш арман самсаған.

Жетті міне туған жерге аңсаған.
Күтіп тұрды оны алдынан сонша адам.
Бала әбден сағынышын жасырмай,
Анасының жетіп келді қасына-ай.

Сабырлы да ақылды ана мейірлі,
Өз ұлына жымиыспен кейіді.
Әкеңе бар амандасшы алдымен,
Нұсқау сөзбен айналады,бұйырды.

Осылайша жас бала ауылменен,
Табысты дос – жаран бауырменен.
Әкесінің арманы ел билету,
Нақ жолдарын үйретіп қауымменен.

Құнанбайдай болыстың баласы едің,
Дән ішінде бір бидай дарасы едің.
Көңілдерді тербеткен,тебіренткен.
Сөздеріңмен ақылды да данасы едің.

Жасыңнан асыл сөзге құмар болдың,
Ұлттық салтты көкейіңе тұмар қылдың.
Көпті көрген Зередей әз әжеңнің,
Әр сөзін жүрегіңе жыр-ән қылдың.

Ұлжандай асыл жанды анаңнан,
Тәлім алдың алға бастар сан алуан.
Сол тәлімді біліп тоқып өзіңше,
Оза шықтың жарқырап бір табыңнан.

Отты көрсем көзіңнен жарқылдаған,
Болар бала бұл бала деп аңқылдаған.
Барлас пен Байкөкшеге таңқаламын,
Болашағың жарқын деуге тартынбаған.

Құнанбай сені сынап көрмек болды,
Қолыңа бар билікті бермек болды.
Өзің үшін дәл сонда билік емес,
Өлең деген өмірлік ермек болды.

Мансапқа талай жандар қызығады,
Бәз біреулер билік үшін бұзылады.
Қызықпадың ондайға себебі ата,
Өлең еді-ау серігің қысы-жазы.

Сыйлап кеткен өлең-жырын біздерге,
Арнап кеткен өсиетін сіздерге.
Аяқ басып келеміз біз мінекей,
Абай салған даңғыл-даңғыл іздерге.



Пікірлер (1)

Zharkynai

Жарайсыз, тамаша

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз