Бай болмайды бақырып – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Бай болмайды бақырып» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 640
Танытпақ боп бұлқындың байлығыңды,
Бірден артық, бірден кем шайлығыңды
Білуші едік, ризық болып кімге,
Жалғап жүрсің осы сен, қай ғұмырды?
Көп алдында түйедей тайраңдадың,
Өрескелін ісіңнің ойға алмадың
Кім не ұқты байғұс-ау, кім қирады,
Көрдің кімнің бақырып бай болғанын?
Кілем таптау байлықтың белгісі ме?
Ел куәгер өрескел болды ісіне.
Атақ пен даңқ, парасат, байлық бәрі
Бұйырады пейілі кен кісіге.
Қылығыңа парықтап бойладың ба?
«Мен ғана мен!» дегенді қоймадың ба?
Кісі мүлкін ластау кір аяқпен
Көргенділік емесін ойладың ба?
Туармысың ішің тар мұнша майда
Болсам дейсің тек өзім бай, құдай да
Басынып кеп біреудің мүлкін таптап,
Бағанды сен асырмақ болдың қайда?
Бұлықсыған боласың бұла қарап
Бар жәйіңді біледі мынау алап.
Шүберекпен сыртыңды бүркемелеп,
Түп тегіңнің жыртығын жүрсін жамап.
Әр асылдың нарқы бар кім білмейді,
Ындыны ашқа ешқашан күн күлмейді.
Пешенеңе жазбаса, бұйырмайды,
Жерге түсіп, көкке ұшып бұлқын мейлі.

14.05.1998 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бай болмайды бақырып өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Бай болмайды бақырып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бай болмайды бақырып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бай болмайды бақырып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері