Қасыңа Ай ұрланып келсем дердей – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қасыңа Ай ұрланып келсем дердей» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 605
Қасыңа Ай ұрланып келсем дердей,
Қайың да қайыл қалып, теңселгендей.
Тағдырың таразыға тартылғанда –
Салмағың сары алтынмен өлшенгендей.
Жан бiлмес жүрегiңде жұмбақ бардай,
Құлпыңның құпиясы мың катпардай.
Бiр арман көрiнбестен қолын бұлғап,
Астынан алты қырдың үн қатқандай.
Жайлаудың жаңбыр жуған жалбызындай,
Жақсының жан екенсiң жалғызындай.
Қиырдан көзiме ерек көрiнесiң
Қиылған қасы-көзi хан қызындай.
Жамалың жаймашуақ жарық таңдай,
Жаһанды жақсылыққа жарытқандай.
Биязы үн, бипаз мiнез – жан жиһазы
Төркiнiн тектiлiктiң танытқандай!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қасыңа Ай ұрланып келсем дердей өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қасыңа Ай ұрланып келсем дердей өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қасыңа Ай ұрланып келсем дердей өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қасыңа Ай ұрланып келсем дердей өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері