Егінжай – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Егінжай» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2272
Егіннің ырыс сыйлар бай танабы,
Самалмен жайлап қана жайқалады.
Елестеп көз алдымда тay-тay астық,
Көңілім молшылықтан жай табады.
Қыр жолы бара жатыр жыраққа алып,
Егінжай барлық сырын тұр ақтарып.
Ақ бидай кабинаға үңіледі,
Асығыс сапар жайын «сұрап» қалып.
Егінжай жетелейді алға дәйім,
(Қашанда далама мен сай болайын).
Осынау байтақ байлық авторлары,
Диқандар, өздеріңнен айналайын!
Диқанның күні сынақ, айы сынақ,
Жүрелік егінінің жайын сұрап.
Ал қазір өсірген сол мол астықтан
Тұрғандай жердің белі қайысып-ақ.
Егінжай, тек егінжай, қайда қара,
Алтын дән, тек алтын дән ойда дара.
А қтілеу анамызды қуантайық,
Тезірек машинаңды айда, бала!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Егінжай өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Егінжай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Егінжай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Егінжай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері