Торғай – Ернұр Сейдахмет

Бұл бетте «Торғай» атты Ернұр Сейдахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1526
Болар деп ол қыс қатты,
Жылы жаққа ұшпапты.
Бәлкім жылы ұясын
Жерұйыққа ұқсатты.

Ұшып-қонып жүреді,
Туған жерін сүйеді.
Өзі титтей болғанмен,
Үлкен екен жүрегі.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері