Сен ұйықтап жатқанда
Бұл бетте «Сен ұйықтап жатқанда» атты Ернұр Сейдахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен ұйықтап жатқанда,
Көкжиектен таң атты.
Тұрып ерте ақ таңда,
Суарды ағаң торы атты.
Сен ұйықтап жатқанда,
Әжең пешке от жақты.
Көкорайлы шатқалда
Атаң сенің шөп шапты.
Сен ұйықтап жатқанда,
Пісірді анаң тамақты.
Күтім жасап бақтарға,
Жөндеді әкең шарбақты.
Сен ұйықтап жатқанда,
Қозы-лақты кім бақты?..
Сен ұйықтап жатқанда,
Осылайша күн батты.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі