Бұл бетте «Аққала» атты Ернұр Сейдахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Келіп атай болжамы,
Болды ауыл олжалы.
Жауды жерге күміс қар,
Енді бізді кім ұстар?
Аппақ әлем айнала-ай,
Кім шет қалар ойнамай?
Жиналдық та топ бала,
Соқтық қардан аққала.
Қандай сүйір дегізген
Мұрыны бар сәбізден,
Көзі қылдық көмірді,
Өзі сондай көңілді.
Деп жаурап ол қалмасын,
Берді Әсет шалмасын.
Көрмейік деп тоңғанын,
Берді Жанар қолғабын.
Темір шелек телпегін
Бере салдым мен тегін.
Дедік күліп: «Жарадық»,
Алыс барып қарадық.
Бізге күліп қараған
Пайда болды қар адам.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі