Көшкен елдің жұртында қалдым ұмыт – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Көшкен елдің жұртында қалдым ұмыт» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 799
Көшкен елдің жұртында қалдым ұмыт,
Арты жабы тірліктің, алды күлік.
Шалқасынан жатып кеп ойланды да,
Ай боп көкке ырғылды тарғыл үміт.
Қара саздың қамығып қамыстары,
Бірте-бірте көзімнен алыстады.
Лүпілдеген жүректің соғысымен
Шектеседі домбыра қағыстары.
Жастығымның төріне өркен іліп,
Сен де күліп келмейсің, мен де күліп.
Жабықтым да, үн-түнсіз күйге көштім,
Қасқыр болып ай жаққа көргем ұлып.
Солай қалқам, тағы үнсіз күйге көштім,
Мені күтіп алмайды үйден ешкім.
Көрермені ең соңғы мен болармын
Жемістері таусылған жиде көштің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көшкен елдің жұртында қалдым ұмыт өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Көшкен елдің жұртында қалдым ұмыт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көшкен елдің жұртында қалдым ұмыт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көшкен елдің жұртында қалдым ұмыт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері