Естек қария – Хамит Есеман

Бұл бетте «Естек қария» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 441
Сол атайдың болмысы өзгеше-тін,
Сөйлеп кетсе, шебердей сөзді есетін.
Көнерген көшелердің жиегінде,
Әр таңда құрдасымен кездесетін.
Қос қария күнұзақ кеңеседі,
Толғандырып ұрпақтың келешегі.
Құрдасы сөз етеді немересін,
...Естек шал немерелі емес еді.
Орындалмай талай жыл ойдағысы,
Тапталғандай жер болып, әй, намысы.
Шақшасын қонышына қағып атып,
Келеді баласына қайнап іші.
Түсінбей елде жоқ сол еркелігін,
Оңашада сыбайды тентек ұлын.
Қалатын болды ешкімге жыры айтылмай,
Ұмыт қалып барлығы ертегінің.
Кеудесі алтын сандық – шежіре еді,
Өзін бірақ шарасыз сезінеді.
Аузынан ағып тұрған ақ лебізін –
Тыңдайтын жан таба алмай езіледі.
Ойланып күрең шайды сораптайды,
Үнсіз қалып өмірді парақтайды.
Күн батпайды қырсығып ондай кезде,
Әйтпесе, қас қылғанда таң атпайды.
«Ұрпағым жалғаспайды ей, неге менің?..»
Деп қамшы ілді басына керегенің.
Болашағын ойланып кетті сосын,
Дүниеге келмеген немеренің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Естек қария өлеңінің авторы кім?

Хамит Есеман — осы өлеңнің авторы.

Естек қария өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Естек қария өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Есеман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Естек қария өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері