Жас ақынның көңілі – Хамит Есеман

Бұл бетте «Жас ақынның көңілі» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 615
Ұлы боп күн кешкім келеді,
Мына әлем сыйдырмай қоймаса;
Жазылып ғасырдың өлеңі,
Адамзат сол жайлы ойласа;
Ұлы боп күн кешкім келеді,
Әйтпесе бұл әлем алдайды.
Бар оның өзіндік себебі,
Бірақ та айтуға болмайды.
Тентіреу...
Содан соң тас қала,
Табанды тоздырған көшелер.
Ұлылық соңында жас бала,
Уақытпен өлеңін еселер.
Ұлы боп күн кешкім келеді,
Жүк болмай өлеңнің обалы.
Жазылса ғасырдың өлеңі,
Басқаның қажеті шамалы...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері