Жұпар жаңбыр маусымда бұрқыраған – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Жұпар жаңбыр маусымда бұрқыраған» атты Шәмшия Жұбатова жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 786
Жұпар жаңбыр маусымда бұрқыраған,
Сұңқыл дауыс тереңде шырқыраған.
Өлеңдетіп ұлы өмір тұрған кезде
Өлмейтұғын болса-шы шіркін адам!
Адамзаттың ғұмыры қысқа неге,
Тербеледі тіршілік тыста неге?
Топыраққа көміліп қалғанымен,
Айналмайды алтындар мысқа неге?
Қызғалдақтар толғанда қанжығада,
Сарғайғанда сарғалдақ сан жұмада,
Тіршіліктің шәрбатын сіміргенмен,
Бақ қона ма, ерніңе бал жұға ма?
Қаққан кезде қара түн қақпаларды,
Тербеткенде дүние аппақ арды,
Неге тірлік махаббат сөзін жазған
Қадау қылып қақпайды тақталарды?
Қара сулар қақпадан қаптағанда,
Қызыл гүлдер құлпырса жатқан анда,
Тағы келген жаңа таң ақ бу атып,
Адамдардың үмітін ақтаған ба?
Ғаламатты жазамын ғұмырдағы,
Шамырқанды, шымқай көк шымырланды.
Жайқалғанын терек боп талай көрдім
Топыраққа төгілген жұмыр дәнді.
Кеудесінде болғасын тұрақты әні,
Жылытады бір үміт жырақтағы.
Ертеңіме қояды ұмтылдырып
Мынау мәнді өмірдің мұраттары.
Құшағында ымырттың мүлгиді әлем,
Қою іңір жетеді ылдименен.
Шықпайды ылғи түсімнен жасыл дала,
Баурайында бұралып гүл билеген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұпар жаңбыр маусымда бұрқыраған өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Жұпар жаңбыр маусымда бұрқыраған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұпар жаңбыр маусымда бұрқыраған өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жұпар жаңбыр маусымда бұрқыраған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері