Арзу – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Арзу» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.07.2021
  • 0
  • 0
  • 815
Көңiл шiркiн жасармайды,
Көкiректе – Асан қайғы.
Тоты қыздар көзiне iлмей
Тосырқайды, тосаңдайды.
Тоты қыздар көзге iлмейдi,
Тоқтатқанмен сөз жүрмейдi.
Жүрек байғұс жүдеп iштен
Бiрдеңенi сездiм дейдi...
Көзде бұлау,
Шашта қырау...
Қайран өмiр қас қағым-ау.
Хал-жайымнан хабар алмай
Қайда жүрсiң, Жас шағым-ау?
Келермiсiң, айхой, маған!..
Демеймiсiң: «қайта айналам...»?
Жан дауысы жүрегiмнiң
Жетер ме екен айқайлаған?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арзу өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Арзу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арзу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арзу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері