Бұл бетте «Ұландар жыры» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Туған жерді сүйеміз,
Шымыр болып өсеміз.
Ыстық күнге күйеміз,
Салқын суға түсеміз.
Бір!
Екі!
Бұйрықты орында!
Үш!
Төрт!
Орныңда адымда!
Біз мұрагер!
Ұланымыз ұлы елдің.
Біз мұрагер!
Еншімізде –келер күн.
Бір!
Екі!
Бұйрықты орында!
Үш!
Төрт!
Орныңда адымда!
Мақсат айқын елім деген,
Бұзылмайды іргеміз.
Адалдықпен, сенімменен
Біз әрқашан біргеміз.
Бір!
Екі!
Бұйрықты орында!
Үш!
Төрт!
Орныңда адымда!
Біз мұрагер!
Ұланымыз ұлы елдің.
Біз мұрагер!
Еншімізде – келер күн.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі