Қазықұрт – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қазықұрт» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3032
Мұз жарылып, сең қаптап,
Жеткенде осы жапанға.
Қалып па едің сен сақтап,
Нұқ кемесін топанда?
Кеме тұрсын төбеңде
Қайық тоқтар бұдыр жоқ.
Кеттің тарап сен елге
Ертегі күн жыры боп.
Тасқын шайып, жел кеулеп,
Бітіпсің-ау мүжіліп.
— Қай заманнан келген,— деп
Қарай берем қызығып.
Дастанындай даңқтың,
Көп шежірең жазылып.
Арқасында халықтың
Биіктедің, Қазықұрт.
* * *
Сонау Торғай Қызбелінде
Бұлақтардың қыз үні.
Ай шалқалап өзенінде
Ойнайды жел сыбызғы.
Сонау Торғай далалары,
Қызыл шырай жүздері.
Лениннің жалаулары,
Аманкелді іздері...
Кетем сүңгіп ағашына
Кезе берем жағалай.
Көрінер шал анасына
Сол баяғы баладай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазықұрт өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қазықұрт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазықұрт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазықұрт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері