Ленин кабинетінде

Бұл бетте «Ленин кабинетінде» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2013
Алдымда үлкен үй тұрды,
Аралап бәрін өтіп ем.
Жаңа шыққан сықылды
Ленин кабинетінен.
Столда толы хат-хабар,
Ұштаулы жатыр қаламы.
Осы бір қалам атқарар
Қаншама жұмыс бар әлі!
Күн міндетін тұр сезіп,
Жиналыс бар екіде.
Қалтада қолы, жүр кезіп
Ленин кабинетінде.
Столға қайта үңілді,
Қағазға ойын құй, қалам!
Шинель тұр төрде ілулі
Солдаттар бір кез сыйлаған.
Маңдайын ұстап ол неге
Ойланып қалды кенеттен.
Ойлан, жолдас Ленин,
Ойың ғой елді көгерткен.
Келе жатыр шаруалар
Өзеннің арғы бетінен.
Ленин шығып қабылдар
Өзінің кабинетінен.
Толғантты мені бір түрлі
Аралап бәрін өтіп ем.
Жаңа шыққан сықылды
Ленин кабинетінен.
1956


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ленин кабинетінде өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Ленин кабинетінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ленин кабинетінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ленин кабинетінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері