Өліктің махаббаты

Бұл бетте «Өліктің махаббаты» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 879
Сұп-суық топыраққа
Қалсам да көміліп,
Өзіңнен еш уақытта
Кеткем жоқ бөлініп!
Махаббат құмары,
Орын ап көрімнен,
Тыншығар жерде әлі
Шықпайды көңілден.
Өлерде михнатқа
Қорықпай көніп ем,
Батпақ ем рахатқа –
Айрылмай қойдым мен.
Бейнесіз нұр сәуле
Көрдім де көкседім,
Көркіңді әуеде
Көргенім жоқ сенің.
Құдайдың қайтпекпін
Нұры мен ұжмағын?
Онда өзім әкеттім
Жерімнің құмарын.
Арманымды аялап
Әмісе жалғыз бір,
Тірімдей мен қалап,
Қызғанам, жылап құр.
Тисе дебетіңе
Біреудің демі кеп,
Құса боп дертіңе
Кетемін дірілдеп.
Қапыда қалғып бір
Айтсаң да өңгені,
Өрт болып сөзің бұл
Шарпиды кеудені.
Өзгені қолқалау
Ойыңнан арылсын,
Өліктің, сөзім хақ,
Некелі жарысың.
Жалыну, қорқақтық –
Не демеу ол саған?
Дүние мен рахаттың
Керегі жоқ маған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өліктің махаббаты өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Өліктің махаббаты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өліктің махаббаты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өліктің махаббаты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері