Орта Азия аспаптары – Көмек Ыбрайұлы

Бұл бетте «Орта Азия аспаптары» атты Көмек Ыбрайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ерттеген соң біз атты,
Ұмытпалық ...
(қыжақты).

Тыңдаталық оғызға,
Ойнап жібер ...
(қомызда).

Кесе бермей қу талды,
Шалмайсың ба ...
(дутарды).

Ойнап шықсын сәтті,
Қағыңқырап ...
(дәпті).

Алып келдім қаладан,
Аты мұның ...
(балабан).

Айтшы досым Тәліпке,
Ойнап берсін ...
(чангте).

Тыңдап мұны тұру – бақ,
Ойналса егер ...
(Рубап).

Тойға шашу арнайын,
Қайда менің ...
(карнайым).

Үркіп кетті қойларым,
Үнін естіп ...
(дойраның).

Біздің қобыз сияқты,
Көрдіңдер ме ...
(қияқты).


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Орта Азия аспаптары өлеңінің авторы кім?

Көмек Ыбрайұлы — осы өлеңнің авторы.

Орта Азия аспаптары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Орта Азия аспаптары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Көмек Ыбрайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Орта Азия аспаптары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері