Бұл өмірде бəрі жаңа, бəрі ескі!

Бұл бетте «Бұл өмірде бəрі жаңа, бəрі ескі!» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 800
Бұл өмірде бəрі жаңа, бəрі ескі!
Адамдардың бəрі дана, бəрі есті!
Қайтқан қаз ба, кеткен қыз ба, кім білсін,
Алты қырдан асып барып əн өшті…
Қара жерді езіп-жаншып қара аспан,
Қалта түбі - ұн қағылды шанаштан…
Наным қайда бұрқыраған иісі?
Əнім қайда алты қырдан əрі асқан?
Оралмаса оралмасын кеткен қыз,
Тауқыметі таусылмайтын неткен күз?
Өткенді айтса, көзге ұялап көлгір жас,
Көктем қайтса, қайта түлеп көктерміз.
Əр қабірдің аясында – Айқұлақ,
Бізден гөрі онда тыныш, жайлырақ.
Өне бойын дерт жайлаған қоғамда
Жаным жара,
Бағым қара,
Қайғым ақ…
Иə, иə, кейде қара, кейде ақпын,
Қоңыр мініп қорымда ұйықтап,
Қой бақтым…
Өне бойын құрт жайлаған қоғамда
Бейбіт күнде бейнет шеккен бейбақпын.
Ақыр-тақыр,
Заманақыр,
Күн ғайып…
Көлеңкеміз келе жатыр ұлғайып.
…Өткен күннің мөлдір кешін еске алып,
Жеткен күннің «желдірмесін» тыңдайық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл өмірде бəрі жаңа, бəрі ескі! өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Бұл өмірде бəрі жаңа, бəрі ескі! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұл өмірде бəрі жаңа, бəрі ескі! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұл өмірде бəрі жаңа, бəрі ескі! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері