Сен менi жат көрмегiн, жат көрмегiн – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сен менi жат көрмегiн, жат көрмегiн» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 677
Сен менi жат көрмегiн, жат көрмегiн,
Ащы су болған шақта «тəттi» ермегiм.
Алланың көрген емен əлiмсақтан
Ақынға басыбайлы бақ бергенiн.
Қасыңнан ұшып кетсем қайта оралмай,
Қаларсың «қап...» деуiңдi айта да алмай.
Сергелдең, серiшатыс сейiлiмдi
Сен бе едiң жалғыз ғана байқағандай?
Дертiңе дауа iздеген сəттерiңде
Үңiлшi ұмыт қалған дəптерiме.
Сен сонда iздерсiң-ау Жалғызыңды,
Жайғасқан жүрегiңнiң нақ төрiне!..
Үңiлшi əр сөзiме, əр жырыма,
Тамсанған тамшыдайын таң нұрына.
Сен сонда тəуба айтарсың, бəлкiм, iштен
Табаны тайғанақтау тағдырыма.
Iздеме, жаным, менен жаттың жайын,
Алдымда ащы зəр мен тəттiм дайын.
Көзден хош, көңiлiңнен еш болармын,
Айналып көлден ұшқан Аққудайын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен менi жат көрмегiн, жат көрмегiн өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сен менi жат көрмегiн, жат көрмегiн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен менi жат көрмегiн, жат көрмегiн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен менi жат көрмегiн, жат көрмегiн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері