Ақ шаш туралы ақиқат – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Ақ шаш туралы ақиқат» атты Серік Тұрғынбеков жазған шындық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1205
Шашымның ағы –
Басымның бағы деймін мен.
Айтамын тағы
Ықылас,
Ынта,
Пейіліммен.
Сындардан өтіп
Сынбаған сағы жігітпін,
Сабаға тауып,
Еткен бір қауіп кей күннен.
Өтті ғой уақыт,
Жағадан алған
Жанға қас.
Өшіп бір жанбай
Өмірін ешкім оңдамас.
Болсаң сен білмек,
Ақ шашым менің, аяулым,
Көктемде гүлдеп
Бүршігін жарған алма ағаш.
Іргетас қалап,
Тұрғыздым талай сан отау,
Таусылмас қайрат,
Осының бәрі жан оты-ау.
Ақ басын имей
Қақпасын ашқан көңілімнің,
Түсінсең, досым,
Мен де бір жатқан Алатау.
Түссе бір көзің
Өтпейсің маған сұқтанбай.
Ғаламат сезім,
Ғажабын жаным ұққандай.
Шашымның ағы,
Жатады кейде мөлдіреп
Шалғынға
Таңда
Шашырап қалған шықтардай.
Ақ шашым менің
Жалбырап кейде ақ бұлттай,
Алқынып демім
Алып бір ұшып аптықты-ай.
Қарайды біреу
Қараптан-қарап сүйсініп,
Қарайды біреу
Қабағын түйіп, жақтыртпай.
Ақ шашым менің,
Қақтаған бейне ақ күміс.
Арпалыс,
Асу,
Қалтарыс,
Ашу,
Қақтығыс.
(Шырағым, егер шашыңды ағартқың келмесе,
Үйіңде онда жападан-жалғыз жат тыныш).
Ақ шаштың нарқын
Қажет десеңіз бағалау,
Кешуің керек
Көк теңіз,
Жасыл жағалау.
Байқасаң, досым,
Басымда менің тұр жанып
Өмірдің мынау мәңгілік оты –
Ақ алау!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ шаш туралы ақиқат өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Ақ шаш туралы ақиқат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ шаш туралы ақиқат өлеңі не туралы?

Бұл шығарма шындық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақ шаш туралы ақиқат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері