Қара нан – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Қара нан» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 2051
Дархан дала аялаған түйір дән,
Тумысымнан маңдайыма бұйырған.
Сенің ыстық хош иісті деміңді
Сеземін мен сонау алыс қиырдан.
Бар болған соң кепиеті соғары,
Құраннан да қойған сені жоғары.
Басындағы бағын тепкен жандарды
Қара нанның жібермесін обалы!
О, қара нан, қасиетті қара нан,
Өн бойыма тамыр болып тараған.
Өзің барда жағам жайлау, жаным тоқ,
Өзің барда дүние түгел, бәрі аман.
Келесің сен тіршілікке терменен,
Тек сен үшін қарыздармын жерге мен.
Қадіріңді бәлкім сенің білмес-ау
Жоқшылықтың дәмін татып көрмеген.
Кең даланың көз жетпейді шетіне,
Алтын астық біткен менің ниетіме.
Тіршіліктің қантамыры сен бе едің
Қара жердің ойнап шыққан бетіне?!
О, қара нан, күш-қуатым – қайран нан,
Кіндігімсің туған жерге байланған.
Қара нанға тойған жақсы,
Ал бірақ
Дұрыс болар ол жайлы да ойланған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара нан өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Қара нан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара нан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара нан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері