Әсер – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Әсер» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 589
– Хош келдің, аттан түс, балам! –
Сұрасып аман-саулықты
Қариялар таяқ ұстаған,
Әжелер аппақ жаулықты.
Сөз емес шенің, атағың,
Алдыңа тосып дәм-тұзын.
Әкетіп бара жатады
Әкеден қалған жалғызын.
Домбыра үні ырғақты,
Жұмахан отыр тербетіп.
Жақаң шал шықты бір жақтан,
Көзінің жасын көлдетіп.
– Келмейсің, – дейді, – кешігіп,
Осынау біздің мекенге.
Сөйлесе алмай шешіліп,
Бір күні өліп кетем бе?!
Мақтаса бәрі сыртымнан,
Осыған көңіл толмай ма?!
...Аймалап тұрған жұртымнан
Айналып кетсем болмай ма?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әсер өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Әсер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әсер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әсер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері