Бурабайда жартастар бар – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Бурабайда жартастар бар» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 753
Бурабайда жартастар бар,
Неткен шебер тас қалас.
Құламастан тік қалған,
Жазық маңдай, қасқа бас
Айнымаған Мұхтардан
Бурабайда жартастар бар.
Сездіргендей жас күшін,
Кесек кескін, күміс шаш,
Мынау тылсым тас мүсін
Шоқанға да тым ұқсас,
Бурабайда жартастар бар.
Долы толқын екпіні
Тиген жерін жанышқан.
Анау жартас кескіні
Айырмасыз Қаныштан,
Бурабайда жартастар бар.
Үрейіңді жеңдірсең,
Тура қарап аспанға.
Ұлылардың, мен білсем,
Еншісі бар тастан да,
Бурабайда жартастар бар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бурабайда жартастар бар өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Бурабайда жартастар бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бурабайда жартастар бар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бурабайда жартастар бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар