Мақпал – Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Бұл бетте «Мақпал» атты Ақан Сері Қорамсаұлы‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 6938
Үйірі қысырақтың мақпал қара,
Шашыңды күндіз жу да, түнде тара.
Алыстан ат аямай келгенімде,
Ей, Мақпал, қырындамай бермен қара!

Үш жүзге атым мәлім Ақан сері,
Келгенім Мақпал қыздың туған жері.
Алыстан ат сабылтып келдім іздеп,
Бір көріп қайтайын деп, Мақпал, сені.

Біз қайтып елге таман бастық қадам,
Сымбатың хатқа сыймас айтсам тамам.
Ей, қалқа, мұнша неге зарланасың,
Елге алып қайтпас па едім келсе шамам.

Біраз күн Дәнетінге салдым салық,
Артымда зарланамын Мақпал қалып.
Қосылған ғашық болып қайран құрбым,
Қасіретің өзегімді кетті жарып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мақпал өлеңінің авторы кім?

Ақан Сері Қорамсаұлы‎ — осы өлеңнің авторы.

Мақпал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мақпал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақан Сері Қорамсаұлы‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мақпал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері