Қара бұлттың салмағы жерге батып

Бұл бетте «Қара бұлттың салмағы жерге батып» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 627
Қара бұлттың салмағы жерге батып,
Қара нөсер әкелді елге бақыт!
Қара кеште көлбақа әндетеді,
Қара мақпал жамылған көлде жатып.
Құшырланып, жасық боп тусаң да өзің,
Құмарлыққа болады сусар кезің.
Тыныштыққа үйренген бұл далада
Күміс шыққа шылайды жусан көзін.
Әр жауынның артында өкініш қап...
Кемпірқосақ тұрады бекініс сап,
Әлсін-әлсін аспанның жұдырығы
Түйіледі бір түйір от уыстап.
Қағылғанда аспанның барабаны,
Қалмағандай жайғасар жан амалы,
Құлын-тайлар желісін бырт-бырт үзіп,
Арқандаулы ат құтылған даладағы...
Шалғын іші шалшық су көл боп кеткен,
Еңкеу өзен арнасын өрнектеген.
Есі шығып жаңағы жанталаста,
Ешкі-лақтар қыр асып, желдеп кеткен.
Қой-ешкіге күн-түні жаны ашыған,
Қойтөбет те табылды панасынан.
Қыр гүлдері құлпырып қоя берді,
Қайта туып табиғат анасынан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара бұлттың салмағы жерге батып өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Қара бұлттың салмағы жерге батып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара бұлттың салмағы жерге батып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара бұлттың салмағы жерге батып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері