Қылығы бөлек көріктім едің – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Қылығы бөлек көріктім едің» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 597
Қылығы бөлек көріктім едің,
көргенім сол ғой елікті менің,
құрбаның болып кетуге тегі,
көніп тұр едім...
өліп тұр едім.
Асылдың құнын аңғармай қалған,
арманым менің, шалғайға барған,
Ергенде маған ұтылмас едің,
құтылмас едің қандай қамалдан!
Көңілімді ұғып, өзімді алмаған,
көріктім едің — көзімді арбаған,
Шамдана бастар жағым бұл менің,
айтуға саған сөзім қалмаған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қылығы бөлек көріктім едің өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Қылығы бөлек көріктім едің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қылығы бөлек көріктім едің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қылығы бөлек көріктім едің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері