Шырылдап жүрем – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Шырылдап жүрем» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 645
Шегі бар өкініштің,
өкпенің де,
шырағым, шырылдаумен өткенім бе,—
қойды ғой көкейіңе қонбай сенің,
алданып,
азабыңды шеккенім де.
Еркімді билеп алып биыл менің,
елтідің, емексітіп.... иілмедің.
Түкке де тұрмады ма көз алдыңда
күлгенім,
күйінгенім,
түйілгенім?
Айтулы "жырынды" едік, дүрілдедік,
кетті ме қызға деген қырым кеміп,
айтқызбай түсінетін қарындастар
алдайды, амал қанша, бүгін келіп.
Аямай адал ниет, ақ білегін,
қанша қыз қабағымды бақты менің,
бәрінен биік көргем, иіп келген,
таңдайдан дәмі кетпес тәттім едің!
Шаршаған жүректен бе, тілек кем бе,
білемін, дарымасын бұл өкпем де,—
Қалқам-ай, ойда жоқта сен емес пе ең
қайтадан түлеткен де,
жүдеткен де.
Сен деп ем ендігі өмір көңілді әні,
адыра қалғаны ма соның бәрі?
Жүрек те тыным таппай, қарағым-ай,
құстай-ақ шырылдайды қолыңдағы. 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шырылдап жүрем өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Шырылдап жүрем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шырылдап жүрем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шырылдап жүрем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері