Тәуелсіздік осы ма? – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тәуелсіздік осы ма?» атты Абдрахман Асылбек жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 24.08.2019
  • 0
  • 1
  • 8557
Америка қырық рудан құралған,
Бәріне де ортақ болған бір арман.
Ешбір ұлтқа, ұлысқа да бөлінбей,
Ағылшынша бірін-бірі ұға алған.
Француз да қырық рудан құралған
Оларға да ортақ болған бір арман.
Ешбір ұлтқа, ұлысқа да бөлінбей,
Французша бір-ақ тілде қуанған.
Ал, қазақ ше?
Қазақстан халқымыз,
Жүз отыз ұлт – санар болсақ, жалпымыз.
Әрбір ұлыс өз тілінде сөйлесіп,
Ұмыт қалған қазақ деген салтымыз.
Дегенімен, қанша мықты, іріміз,
Ұмыт қалған қазақ деген тіліміз.
Отыз ұлыс орыс тілін ортақ деп,
Сөйлесеміз бірмізбен біріміз.
Бір Отан боп жүз отыз ұлт қосыла,
Тәуелсіздік алған елім осы ма?
Тілін, дінін, салтын мойындамаса,
Өзге ұлттар қазағымның досы ма?


Пікірлер (1)

Аңсаған

Өте керемет маған ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тәуелсіздік осы ма? өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тәуелсіздік осы ма? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тәуелсіздік осы ма? өлеңі не туралы?

Бұл шығарма тәуелсіздік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тәуелсіздік осы ма? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері