Болмаса егер жанашыр сүйенішің

Бұл бетте «Болмаса егер жанашыр сүйенішің» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2356
Болмаса егер жанашыр сүйенішің,
Түрткі көріп әр жерде-ақ күйеді ішің.
Әлін білмес әлек деп әжуа етер,
Жасай қалсаң жөнсізге жүйелі сын.
Түбі бірақ табылып сүйенішің,
Кеңи түсер кең жайлау күй-өрісің.
Жауыздықтың жығылып, бақас басын
Әділдіктің алдында иері шын.
Ондай кезде өзің де киелісің,
Киелі ұлын қашанда ел сүйеді шын.
Ер еңсесін көтеріп, еркелеткен
Ерен еңбек – ең мықты сүйенішің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Болмаса егер жанашыр сүйенішің өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Болмаса егер жанашыр сүйенішің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Болмаса егер жанашыр сүйенішің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Болмаса егер жанашыр сүйенішің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері