Баған – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Баған» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1056
Анам мені тәй тұрғызып о баста
сүйеп еді жуан баған-ағашқа.
Сонсоң сырттай бақылады, кетпеді,
қыпың қақты "құлап қалар" деп мені.
Бір алаяқ үй тұрғызды — еп қылды,
еп қылды ол — қолын жуып кептірді.
О да алыстан бақылады,
көкейі:
"мен кеткенше құламаса!..." — деп тұрды.
Осы екі жай көкірегімде жүрді ұдай —
бірде бұлай, еске ап жүрдім, бір бұлай.
Біреу епке, біреу көпке сүйеніп,
қаз-қаз тұрып, тәй-тәй басқан тірлік-ай!
Қаз тұрғызып жыр ұшырдым,
не терлеп
Қара сөзбен жан қинадым бекер көп.
Кітап сайын қыпың қақтым мен-дағы
"қайтер екен, құлап түсер ме екен" — деп.
Тірілте алам сөздің өзін ең өлі,
түстің өзі сөз боп ылғи енеді.
Мезгіл-анам бақылап тұр мені әлі,
баған-елім әлі сүйеп келеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Баған өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Баған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Баған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Баған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері