Мендік жүрек – Толбай Сәттіғұл Ырзағалиұлы

Бұл бетте «Мендік жүрек» атты Толбай Сәттіғұл Ырзағалиұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мендік жүрек жүрек емес ақындық
Мендік жүрек сен дегенде бақилық
Мендік жүрек сүйіп өтер бір сені
Мендік жүрек саған деген жақындық

Мендік сезім ойыншық емес ойнайтын
Мендік сезім екеумізді жалғайтын
Мендік сезім сен дегенде мәңгілік
Мендік сезім көздерiңе тоймайтын

Бұл махаббат кездеспейді әркімді
Саған тіпті тең келмейді ай күнде
Мені неге мазалайды түрлі ой?
Сен бар қиял әсіресе көп түнде

Мазалайды жүрек сені сүйгесін
Сендей жанның жоқ екенін білгесін
Мендік жүрек тиесілі тек саған
Өзгермесін мәңгілікке бұл шешім


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері