Өлең, жыр, ақындар

Қыз-күлкісі фонтанның бойды алады

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1908
Қыз-күлкісі фонтанның бойды алады,
Күміс-тамшы: сезімге айналады.
Тапты ма екен үнінен жанға сая,
Бір сұлу қыз көз алмай ойланады.
Қиялдың да ерген-ау жетегіне,
Алабөтен күй шапқан бет-өңіне.
Қымсынбай-ақ өпкен жел қолаң шаштан,
Соғылысып қалады етегіне.
Періште қыз бірін де аңдамады,
Өмір – жұмбақ, соған ол таңданады.
Сыршыл фонтан сылқылдап баурай берді,
Хаса сұлу бір сәтке алданады.
P.S.
Қаяу салған кім екен ... жаныңа мұң,
Жүрек жарды сырыңды айт, жалынамын.
Көргім де жоқ жабырқау жүзіңді мен,
Керек болса қасыңнан табыламын.
Қыздың жаны тұңғиық, түсінбедім,
Сен де аяулым, пұшайман пішінде едің.
Сұрағаның болмаса «әңгіме айт» деп,
Қала берді жұмбақ боп ішіңдегің.
Мазасыз ой санаңды шырмаған ба?
Нала-мұңдар күлкіңді ұрлаған ба?
Тұнжырайсың фонтанға қадалып ап,
Басқа қыздар жайтаңдап жүрді алаңда.
Сұрамадым қазбалап, ештемені,
Бата алмадым, қу жүрек сескенеді.
Қараңғылық әп сәтте тұмшаланды,
Жүзі сынық тұнжырап, кеш келеді.
Елестедің аққу боп, сыңар қанат,
Көз алдымда дүние жұмарланат.
... Алды-алдыға біз кеттік жөнімізбен,
Сен барасың бөлмеңе мұң арқалап.



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Көру ғана көзіңді көксегенім

  • 0
  • 1

Көру ғана көзіңді көксегенім,
Сен – қиырда, мен – зеңгір көкшедемін.
Жүрегіміз бірақ та бір соғады,
Ебі жел кеп бетімнен өпсе менің.

Толық

Жанымнан шып-шып мұң шыққан

  • 0
  • 0

Жанымнан шып-шып мұң шыққан,
Мұң менің білем, несібем.
Сезімім нәзік қылшықтан,
Пернемді бассаң шешілем.

Толық

Сағабүйен

  • 0
  • 0

Бір саласы Ақсудың Сағабүйен,
Иілмеген басымды саған ием.
Ілиястай ағамды есіме алып,
Жапа-жалғыз мен тұрмын жағада иен.

Толық

Қарап көріңіз