Налыма бекер – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Налыма бекер» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.10.2021
  • 0
  • 0
  • 942
Аймалап шуақ маңдайын өпсе,
Түнерген жартас жадырар.
Тамыры сусап, таңдайы кепсе,
Жапырақ біткен жабығар.
Жабырқап, жұртым, налыма бекер,
Мейірімге шөлің қанбаса.
Алланың нұры бәріңе жетер,
Адамның нұры болмаса...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері