Көз жасы – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Көз жасы» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1288
О, сезімнің шым еткен нұр-шуағы
балқытады,
жуам десе — жуады...
Шыдай тұршы, шыбыным сәл, көз жасы
құлан кетсе күл-талқаны шығады.
Туған көз жас қасірет боп іш тіреп,
жүрегінде боп қайнап, пісті көп.
Хрустальдің сыңғырындай мөлдір жас
жарылса егер — "нейтроннан" күштірек.
Сақтаныңдар!
Сағат туса ерге сын,
адам ісін, аллам, өзің тергеші!
Мынау алғыр әйелдердің ғасыры
тек көз жастан қару жасай көрмесін!
Бірақ маған мынау жанар тұр ұнап —
(ұнағаны — құл болар ем бүгін-ақ).
Ал қарындас аңқаусиды, кірпікке
ең қуатты бомбаларды іліп ап.
Жылау керек,
(керек әрі боздамау),
керегірек кірпігіңді қозғамау.
Ажалға да ажар берер күлкі бар,
көз жасы да жарасатын көз бар-ау.
О, сезімнің шым еткен нұр-шуағы
жуам десе — кегіңді де жуады...
кірпік қақпай шыдай тұршы, көз жасы
тамып кетсе күл-талқаны шығады.
Кірпік қанша қағылмайды?!
Бір түнгі ой емес-ау бұл,
сақтық айтсам — құлқым ғой...
Сақтан!
Бір күн
мына дүние кірпігін
қағып-қағып жіберуі мүмкін ғой...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көз жасы өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Көз жасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көз жасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көз жасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері