Балкен-ай

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1217
«Балкен-ай, бөпем, Балкен-ай,
Болар ма екен үлкен-ай!
Үлкен болса, қайтер-ай,
Жігіт болып кетер-ай!»
Осы өлеңмен әлдилеп,
Өткен жылдар, өткен ай.
Әкетсе алыс ой билеп,
Кешір, мені, Балкен-ай!
Сені көріп, ауылымның
Алдым еске өмірін.
Ұмытқам жоқ ол күнін,
Бұдан он бес жыл бұрын.
Өзім сені апарғам
Өгіз мініп Торғайға.
Жоқ қой онда ат-арбам,
Жетім ұлға ол қайда?
Қаптап кеткен машина,
Шіркін, үсті кең жердің!
Мен мінейін қайсына? —
Деп тұрғанда сен келдің.
Бас, Балкен-ай, бүлкілге.
Жеткіз туған қырларға,
Қысылма да іркілме,
Қолда билік тұрғанда.
Өкінейін несін мен,
Бас балекей, сап биге
Мен әлдилеп өсіргем,
Енді мені әлдиле!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балкен-ай өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Балкен-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Балкен-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Балкен-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері