Айналайын

Бұл бетте «Айналайын» атты Мұхтар Шаханов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.03.2018
  • 0
  • 1
  • 28493
Әні Е.Хасанғалиевтікі

Өзің едің тірегім де,
Жыр боп тұндың жүрегімде.
Мені сендей түсінетін
Кім бар екен бұл өмірде?!
Күн туса да толқымалы,
Толқымалы, шалқымалы.
Сен ешқашан өзгертпедің
Пікіріңді мен туралы.
Әнін әнге жалғасын деп,
Келеді арман алға сүйреп.
Менің кемем өрге жүзсе,
Сен қуандың алғаш рет.
Астына алып қанатыңның,
Нұрын шаштың жан отыңның.
Мен мұңайған кезеңдерде
Қасымда ылғи сен отырдың.
Саған мәңгі борыштармын,
Көңіліме қоныстандың.
Азаматтық ажарыңа
Мақтау айтсам, намыстандың.
Жарқын құшақ жайған, айым,
Сеніміңе сай болайын.
Мен деп соққан жүрегіңнің
Дүрсілінен айналайын.


Пікірлер (1)

Адина

Өте күшті әдемі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айналайын өлеңінің авторы кім?

Мұхтар Шаханов — осы өлеңнің авторы.

Айналайын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айналайын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұхтар Шаханов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айналайын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері