Балдай тәттi әлдилеген бiр мұңмен – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Балдай тәттi әлдилеген бiр мұңмен» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 620
Балдай тәттi әлдилеген бiр мұңмен,
Елес қуып жер бетiнде жүрдiм мен.
Қайта оралмас он сегiзбен,
алтыным,
Тауға қарап өзiңдi ойлап тұрдым мен.
Уақыт айтар бақытты кiм,
мұңлы кiм,
Күреңбелде сүйiп өстiң қыр гүлiн.
Сенсiз өткен жиырма жылым өтiрiк,
Сенсiз менiң өткен емес бiр күнiм.
Ақша бұлттар iздеп бiрге жыласын,
Мейлi көктен найзағайлар құласын.
Асылым-ау,
қайда барсам алдымда,
Елес боп кеп, күлiмсiреп тұрасың.
Бала бейнең шықпай қойған тегi естен,
Ойлай-ойлай жұлдыздармен теңескем.
Бiр адамға айналдым мен бүгiнде,
Бiрте-бiрте сол аяулы елеспен.
Үзiлерде жанарымда жатар мұң,
Қамығармын,
қайғылы ойға батармын.
Ең соңғы сөз айта алатын хал болса,
Жаным, сенiң есiмiңдi атармын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балдай тәттi әлдилеген бiр мұңмен өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Балдай тәттi әлдилеген бiр мұңмен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балдай тәттi әлдилеген бiр мұңмен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Балдай тәттi әлдилеген бiр мұңмен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері