8 наурыз аналар мерекесіне арнаймын
Бұл бетте «8 наурыз аналар мерекесіне арнаймын» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Гүлсіңдер,
Адалдықтың өзіменен бірсіңдер,
Сұлулықты әйгілеп ап әлемге,
Әрбір үйге шуақ шашып жүрсіңдер!
Армансыңдар,
Жан баласы баспаған ормансыңдар,
азаматтың арқалап аманатын,
Көлеңкесін кірлетпес қорғансыңдар!
Бұлақсыңдар,
Жалғандықтан барынша жырақсыңдар.
Жауабы жоқ, жауабы жұмақта бар,
әр кеудеде жүретін сұрақсыңдар...
Анасыңдар,
Бар бақытты баладан табасыңдар.
Тіршіліктің жүрегін соқтыратын,
Бұл өмірде өздерің ғанасыңдар!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі