Махаббат – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Махаббат» атты Исраил Сапарбай жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 4383
Махаббатқа ежелден жүрмейді есеп,
Ерік берсек есепке, гулейді өсек.
Артық сөйлеп, асығыс айтқанымыз,
Сүю менен үйлену бірдей десек.
Махаббаттың у-зəрі балдан шырын.
Өле-өлгенше білмейсің жалған, шынын.
Жел үйірген етегін жеңілтектер,
Жетегінде кетеді алдамшының...
Бойжеткеннің бозарып жібек өңі,
Тұңғиыққа тағдыры тіреледі.
Он күн дұға, жүз күн жыр оқысаң да,
Оңайлықпен табылмас жүрек емі.
Махаббатқа жүрмейді тіл өнері,
Көксегені,
Өзге оның тілегені.
Қыздың қырық құбылған мінез-құлқы,
Жігіттерді жынды ғып жібереді!
Махаббатқа жүрмейді ақыл, кеңес,
Алыс та емес,
ол саған жақын да емес.
Аузы күйген ас-суын үрлеп ішер –
Бұл сөзімді, айтшы, кім мақұл демес?!
Махаббаттың бар, жаным, мың қатпары.
Ол – сезімнің сəбиі құндақтағы.
Адамдардың өзіне байланысты
Арзандауы, немесе қымбаттауы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махаббат өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Махаббат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махаббат өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Махаббат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері