Ең кемінде екі Исраил бар менде – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ең кемінде екі Исраил бар менде» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 631
Ең кемінде екі Исраил бар менде.
Ат басындай жүрегіме тар кеуде.
Тəй-тəй басып жүргеніммен бөбектей,
Əй-шайласып қалам кейде жармен де.
Екі аяғым бір-бірімен шалысар,
Екі иығым қан ұйыса, қарысар.
Екі қолым бір жағаға жармасып,
Екі Исраил бір-бірімен алысар.
Көмейіне қылғытқанша терең көр
Жарық күнде мені жалғыз демеңдер.
Екі бұлақ көзден көлге құйылып,
Екі құлақ екі жаққа елеңдер.
Хал-жайымнан хабар алсын қайдан қырт,
Маңмаңгер ек...
Мама ағашқа байландық.
Атқораның ақырдағы жемін жеп,
Айтақырда арғымақтай айналдық.
Дегбірсіздеу дертке дауа дарымай,
Ой да бүгін шашылып тұр тарыдай.
Жаны мұңнан жаралған ғой оның да –
Жабығымнан сығалайды жарық Ай.
Бөрімін деп бөтенсіген бөрік бас
Өле-өлгенше өгейсініп мені ұқпас.
Жөгі болмай, жөні түзу жан болсаң,
Жүрегіме жүрегіңді келіп қос.
Ісім түсіп көрген емес менменге,
Жазылмайтын ауруым бар ем-демге.
«Қап» дер ме екен қадірімді білгендер,
Тым болмаса қара жерге енгенде...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ең кемінде екі Исраил бар менде өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ең кемінде екі Исраил бар менде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ең кемінде екі Исраил бар менде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ең кемінде екі Исраил бар менде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері