Теңізге тілек – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Теңізге тілек» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1064
Басыл, теңіз, өзеуреп, өрекпімей,
Өнебойы кімдерге керек дүлей?
Тағы да бір тулайтын кезің келер,
Терістіктен Түстікке жел өтті ғой,
Басыл, теңіз, өзеуреп, өрекпімей.
Өзгереді бұл өмір, өзгереді –
Дауылды да аңсайтын кез келеді.
Тілсіздерге Уақыт тіл береді,
Үнсіздерге Уақыт сөз береді,
Өзгереді бұл өмір, өзгереді!
Алқынбағын, жарқыным, алқынбағын,
Сабаңа түс,
Сабыр тап,
Салқындағын.
Толқындарың ұқсайды арғымаққа,
Арғымақтың сипайын алтын жалын,
Алқынбағын, жарқыным, алқынбағын.
Сойыл тиген сотқардай нақ басынан
Дауыл тынып,
Жел де ертең сап басылар.
Дүниеде дəл мына өзімшілдеу
Басылмайтын ештеңе жоқ та шығар...
Көкке бір кез жетуді мақсат тұтқан
Айырылады таулар да асқақтықтан.
Əмір Темір əлемді атышулы
Ала алмады деймісің ақсақтықтан?..
Бас білмейтін асау да құрықталар,
Ыңғайына жығылып, ырық табар.
Басылмайтын өмірде ештеңе жоқ –
Құрғай-құрғай өзен де құрып қалар,
Ұмыт болар бəрі де, ұмыт болар...
Кім қалады, кім кетіп – Хақ та білер.
Қасат-қасат қар еріп, бақ та күлер.
Бүгін атқа мінгендер – жаяу қалар,
Бүгін жаяу жүргендер атқа мінер!
Кім қалады, кім кетіп – Хақ та білер...
Басыл сен де ендеше бағаң барда,
Басылмасқа, байғұс-ау, шараң бар ма?
Алдыменен керексің өзіңе-өзің,
Ал сонан соң керексің адамдарға,
Басыл, теңіз, ендеше шамаң барда!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Теңізге тілек өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Теңізге тілек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Теңізге тілек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Теңізге тілек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері