Есіне – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Есіне» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 899
Не сезінсең, сол жайлы
ашық айту — болмайды.
о, болмайды, болмайды.
Емен болып біт, мейлі,
қағаз етіп бүктейді.
ой, бүктейді-ау, бүктейді.
Аузын сүртіп күт, мейлі,
жұрт көңілі бітпейді.
о, бітпейді, бітпейді.
Ойы тозып, ниеті іріп,
төріңе озып отырып,
Ией, күледі-ау өтірік!
Өзі салып жараны
өзі айналып жалады.
әй, жалады-ау, жалады.
Достық кетті оңай боп,
дос деген — құр атағы.
Көңіл күйің қалай деп
жымиғаны — батады.
Әй, батады-ау, батады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есіне өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Есіне өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есіне өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есіне өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері