Түлкібұлаң тірлікте

Бұл бетте «Түлкібұлаң тірлікте» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Айналасы жүрсе дейді тек елеп,
Өзге жанның әсте жылдам жетегі.
Көлеңкеде көзден таса көбелек,
Күн көрінсе көлбең-көлбең етеді.
Тас лақтырар таса жақтан тұныққа,
Шырын барда шырылдайды – «жанашыр».
Абайсызда құлап кетсең құдыққа,
Ақ жүрегі аяқ-асты қара сұр.
Өмір – біздер қатар мінген бір кеме,
Өре биік болса деп ем, өріс кең.
Ібілістің іні барда іргеде,
Көңіліме орнығады періштем.
Табиғатпен бір соқса да тамырым,
Жануардан айырмамыз тым айқын.
Арыстандай жүрек бергін, Тәңірім,
Түлкібұлаң тірлігіңе шыдайтын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түлкібұлаң тірлікте өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Түлкібұлаң тірлікте өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түлкібұлаң тірлікте өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түлкібұлаң тірлікте өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері